
Оқытушылардың біліктерін көтеру – олардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың маңызды факторы болып табылады, олардың білімі мен дағдыларын жаңартуға, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге, педагогикалық тенденциялардан қалмауға, білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, және білім сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға әкеледі.
2025 жылдың қыркүйегінде Қазақ спорт және туризм академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, аккредиттеу және мансап бөлімі педагог кадрларды даярлаудың стратегиялық индикаторына жауапты қызметкерлері үшін оқыту семинарларын өткізді.
Семинарларда соңғы үш жылдағы профессорлық-оқытушылар құрамының біліктілікті көтеру нәтижелеріне талдау, және арнайы пәндері, инклюзивті білім беру, цифрлық дағдылар және басқа да салалар бойынша курстарды қажет ететін оқытушыларды анықтауы қарастырылды. Сондай-ақ олар «Платонус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде – «біліктілікті арттыру» парақшасын, кәсіби даму бойынша жоспарлау мен есеп берудің Бөлімінің нысандарын пайдалану бойынша нұсқаулықтар берді.











Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма