
5–7 қазан күндері Перудің астанасы Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 67 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.
🇰🇿 Қазақстан құрамасы атынан 18 жас татами шебері ел намысын қорғайды. Олар әлемдік додада жүлде үшін күресетін болады.
Ерлер құрамасы:
-
-60 кг: Талғат Орынбасар, Телжан Сұлтанбай
-
-66 кг: Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Абдрахман
-
-73 кг: Омар Нұрбергенов
-
-90 кг: Даниил Крылов, Арман Билалханов
-
-100 кг: Асқар Біржанов
-
+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы
Қыздар құрамасы:
-
-48 кг: Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова
-
-52 кг: Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат
-
-57 кг: Дана Әбдірова
-
-63 кг: Дильназ Досберген
-
-70 кг: Көркем Орымбек
-
-78 кг: Анастасия Нагачевская, Салтанат Ахметова
Айта кетейік, Көркем Орымбек пен Анастасия Нагачевская — Қазақстан спорт және туризм академиясының студенттері. Сәттілік!








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма