2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КӨКТЕМГІ СЕМЕСТРІНЕ ҚАЗСТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне Болгария (Erasmus), Польша, Литва, Түркия және Ресейдің серіктес жоғары оқу орындарында ағылшын және орыс тілдерінде оқу үшін сыртқы академиялық ұтқырлық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжаттарды қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Erasmus бағдарламасы бойынша Болгария ЖОО-да ҚазСТА студенттеріне оқуға 2 грант берілді. Аталған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының ағылшын тілін білуі талап етіледі.  Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 15 қарашаға дейін қабылданады. Үміткерлермен алдын ала сұхбаттасу Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде жүргізіледі.

 

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Білім алушының толық деректері бар ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (мамандық, топ, паспорттық деректер, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);
  2. ҚР азаматының жеке куәлігінің және/немесе шетелдік паспортының көшірмесі;
  3. Білім туралы құжат: ағымдағы үлгерім туралы мөрмен расталған транскрипт (GPA кемінде 3.0 балл);
  4. Шет тілін меңгеру туралы бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS/TOEFL) арқылы алынған сертификат.

 

Құжаттарды қабылдау ҚазСТА Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде 2025 жылдың 30 қазанына дейін көрсетілген мекенжай бойынша жүргізіледі: бас корпус, 1-қабат, 117 кабинет, тел.: 292-11-63

 

ҚазСТА Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі

Академ мобильность

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма