
Тамаша жаңалық!
Қазақ спорт және туризм академиясының мақтанышы, әріптесіміз Ертуған Зейнуллинов 65 кг салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте Мүхаммедсабыр Базарбайұлын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды!
Бұл — тек Ертуғанның ғана емес, бүкіл академия ұжымы мен спорт қауымдастығының зор жеңісі!
Оның жеңісі — маңдай тер мен қажырлы еңбектің, табандылық пен сенімнің жемісі. Ертуғанды үлкен додаға дайындаған, оның нағыз чемпион ретінде қалыптасуына ықпал еткен — Бокс және ауыр атлетика кафедрасының тәжірибелі жаттықтырушысы, Карменов Қайрат Маутхановичке айрықша алғысымызды білдіреміз.
Біз Сіздермен мақтанамыз!
Академиямыздың рухын биіктеткен бұл жеңіс — әлі талай белестердің бастауы болсын!
✈️ Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйекте Ливерпульде өтеді.
Ертуғанға жеңісті жорық, жарқын жеңіс пен сәттілік тілейміз!






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма