
Бүгін – халқымыздың бірегей тарихын, ұлттық болмысын, тәуелсіз мемлекеттігіміздің мәртебесін айқындайтын маңызды күн.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында рәміздеріміздің – ұлт рухын биіктететін қасиетті белгілер екенін айтып, оларды қастерлеу – баршамыздың парызымыз екенін жеткізді.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекте Мемлекеттік рәміздердің – ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің символы екенін атап өтті.
✨ Біз бұл үндеулерге қосыла отырып, Қазақ спорт және туризм академиясы атынан баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!
Спорт – ел рухын көтеретін сала. Біз өз тәрбиеленушілерімізбен көк Туымызды биікке көтеріп, Әнұранымызды әлемге шырқатуға ұмтыламыз. Әрбір жеңіс — Елтаңбамызға деген құрметтің көрінісі.
🏅 Мемлекеттік рәміздер – біздің елдігіміздің, ерлігіміздің және ертеңіміздің айғағы.
Тәуелсіз Қазақстанның қасиетті рәміздері ұлықтала берсін!








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма