
2025 жылы 2 маусымда Қазақ спорт және туризм академиясында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — студент жастар арасында мемлекеттік рәміздердің маңызын насихаттау, оларға деген құрметті арттыру және ұлттық сананы қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік рәміздердің тәуелсіздік жолындағы символдық мәні, олардың тарихи маңызы мен қоғамдағы рөлі кеңінен талқыланды.
Шараға қатысқан студенттер өз ойларын ортаға салып, мемлекеттік рәміздердің ел тарихындағы орны туралы пікірлерімен бөлісті. Олар рәміздерді құрметтеу — әр азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма