
31 қаңтар – 6 ақпан аралығында Өзбекстанның астанасы Ташкентте қол күресінен WORLD PARA-ARMWRESTLING CUP әлем кубогі өтті. Бұл додаға әлемнің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қазақстанның намысын қорғаған Мұқатай Нұржауған Арқалықұлы екі қолмен күресіп, қарсыластарының бәрін жеңіп, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды!
Бұл жеңіс – тек бір спортшының емес, барша қазақ елінің жеңісі!
Чемпионға қолдау білдірейік!
Қазақтың қайсар рухы жасай берсін!