Без рубрики

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ.

Қазақ спорт және туризм академиясында, кешенді біліктілікті арттыру бағдарламасының аясында жүргізілген үш тақырыптық курстарының «Білім алушыларды оқыту мен білімін бағалаудың қазіргі инновациялық әдістері», «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Оқу іс-әрекетінде цифрлық қосымшаларды және жасанды интеллект элементтерін пайдалану»  жұмысы сәтті аяқталды. 140 оқытушыға сертификаттар  табысталды.

Курстың мақсаты: Білім беру процесінде заманауи инновациялық технологияларды пайдалану бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ҚазСТА оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру; жасанды интеллект арқылы оқу бейнематериалдарын жасау;  оқытушыларды Moodle жүйесін пайдалана отырып қашықтықтан оқыту бойынша оқу курстарын жобалауға дайындау.

Академия оқытушылары белсенді қатысып, ойларымен бөлісіп тәжірибе алмасты. Жаңа білім, білік, дағдылар игерді. Біліктілікті арттыру курсына басқада ЖОО оқытушылары мен арнайы орталықтардың басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Білім алушыларды оқыту мен білімін бағалаудың қазіргі инновациялық әдістері» тақырыбында өткізілген біліктілікті арттыру курсына: Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінен, Педагогика және психология институтының директоры, п.ғ.к., доценты Оразаева Г.С., мен Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің жетекшісі  Кабышева М.О., п.ғ.м. және де  Жалпы білім беретін №116 мектеп  директоры Мейрханова З. Д. сынды мамандар келіп тәжірибелерімен бөлісті.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында өткен біліктілікті арттыру курсына профессор, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Қазақстан Республикасы ЖОО-на арналған инклюзивті білім беру және профилактикалық суицидология бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры Мовкебаева З. А., және  денсаулық жағдайы ауытқулары бар адамдарға арналған БДШ маманы Курганкин И. Д.,   нейрохирург, невропатолог, вертебролог  Самсононов Е.С. теориялық және тәжірибелік білімдерімен бөлісті.

84c6a5f7-391e-464c-9573-7357b16b58fa fd434c15-8bdb-4e99-9398-2fa58749928b 3b0b7a24-877f-43f8-a62e-5fac34db308d 26fcb87e-b0f8-4c44-a93f-aeb6093e913f 3d95b13a-39ad-4059-90c8-32dc12ef069c

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close