Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректоры.
1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын “Дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушысы”, жаттықтырушы біліктілігімен үздік бітірді.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін баскетбол және гандбол кафедрасының оқытушы-тағылымдамашысы лауазымына қабылданды және спорт ойындары кафедрасының оқытушысы, спорт ойындары кафедрасының меңгерушісі, тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректор, бірінші проректор-басқарма аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
35-тен астам ғылыми жарияланымдардың, 3 оқу-әдістемелік құралдардың, 1 монографияның авторы.
ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының “Ахмет Байтұрсынов” атындағы күміс медалімен, Білім беру, ғылыми және тәрбие қызметіндегі жетістіктері үшін (2017ж.), “Бейбітшілік Әлемі” Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі берген “Алтын Қыран” медалімен (2018ж.), спорт саласындағы үлесі, әл-ауқатын жақсартқаны, әлеуметтік мәселелерді оң шешкені үшін, Ар-намыс пен қадір-қасиет, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеті үшін марапатталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Дене шынықтыру және спорт дамуына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен (2019ж.), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен (2020ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2022ж.) марапатталған.