Без рубрики

ҚазСТА ғалымдарды шақыра отырып, «Биомеханика мен бейімдік дене шынықтырудың (БДШ) қазіргі күйі және даму келешегі» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті арттыру курсын өткізді

ҚазСТА жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мансап бөлімі 2023 жылғы 13-24 ақпан аралығында Санкт-Петербург қаласының П.Ф. Лесгафт атындағы ұлттық мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және денсаулық университетінің ғалымдарын шақыра отырып, «Биомеханика мен бейімдік дене шынықтырудың (БДШ) қазіргі күйі және даму келешегі» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Евсеев Сергей Петрович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. П.Ф. Лесгафт атындағы ұлттық мемлекеттік университеттің   бейімдік дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Санкт-Петербург қаласы, БДШ саласының маманы.

Ладыгина Елена Борисовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, бейімдік дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, БДШ саласының маманы.

Шелехов Алексей Анатольевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, бейімдік дене шынықтырудың білім беру технологиялары факультетінің деканы, БДШ  саласының маманы.

Ципин Леонид Львович – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Биомеханика кафедрасы, биомеханика саласының маманы.

Ненахов Илья Геннадьевич – педагогика ғылымдарының кандидаты, биомеханика кафедрасының доценті, биомеханика саласының маманы.

Сондай-ақ, допингке қарсы күрес және бейімдік дене шынықтыру бойынша ҚазСТА мамандары дәрістер оқыды:

Кисебаев Жәнібек Сағатұлы – биология ғылымдарының кандидаты, анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасы меңгерушісі.

Ульжекова Нұргүл Төленқызы – «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры, анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының оқытушысы.

Кефер Наталья Эгоновна – спорттық ойындар кафедрасының меңгерушісі. ХДСШ.

Жұмабаева Ғалия Болатқызы – анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының оқытушысы, допинг бақылау орталығының маманы.

Аталмыш курс жалпы білім беретін және түзеу мектептерінің, мектеп-интернаттарының, БЖСМ дене шынықтыру мұғалімдеріне, БДШС саласындағы мамандар мен нұсқаушылары мен ЖОО мен колледж оқытушыларына арналған.

Біліктілікті арттырудың толық курсынан өткен тыңдаушыларға көлемі 90 сағат (3 кредит) белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

vdcsx vdcsdd VADC fsd fafas dcasd dafdvb CDacvCS asdsvd adsvf ADSFAVD adfsvb

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close