Без рубрики
«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері арасында «Қонақжайлылық майталманы» атты іс-шара өтті
3 ақпан Академияның мәжіліс залында «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 1-3 курс студенттері арасында «Қонақжайлылық майталманы» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты болашақ жас ресторан мен қонақ үй мамандарының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ оқу барысында алған кәсіби тәжірибелерімен бөлісу болды.
Конкурстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен бірнеше номинациялардың иегерлері анықталды. Тартысты өткен жарыста үздік капитан ретінде «Red diamond» командасының көшбасшысы Жанбота Қалиасқарова, «Үздік эстетикалық үстел» номинациясында «Blue Gin» командасы ерекше көзге түсті. Жеміс-жидектерді «Үздік көркем әрлеу» номинациясында таңдау өте қиынға түсті, бірақ «Белоснежки» командасы топты жарып шықты. Ал, «Үздік коктейль» номинациясында «Отель Элеон» жеңісті жұлып алды.
Қорытынды ситуациялық сұрақтарға жауап беру керек болған қорытынды сайыста «Green team» үздік шықты.
Толық есеп бойынша «Green team» үздік үштікке енсе, «Белоснежки» командасы бас жүлдеден 1 ұпай айырмашылығымен 2-орында аяқтады. Іс-шараның жүлделі 1-орынын «Отель Элеон» командасы иеленді.