Без рубрики

Жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды зертханасының Форсайт сессиясы өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасының AP14871202 міндеттерін іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 18 қаңтардан бастап жобаны орындаушылар жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне олимпиадалық білім беруді енгізудің виртуалды зертханасының форсайт сессиясын іске қосты. Форсайт сессиясына дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған “Олимпиадалық білім беру”, “Инновациялық-цифрлық ортадағы білім беруді басқару” онлайн курстары іске асырылады, лекторлар: п.ғ.д., профессор М. А. Абсатова, PhD, қауымдастырылған профессор А. Б. Дошыбеков, магистр, докторант Г. Б. Кобжанов.

Аталған сессияға Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінен 30-дан астам мұғалім жазылды: Атап айтсақ №138 мектеп-гимназия, №48 мектеп, №119 мектеп-лицей, №76 орта мектеп және Алмалыбақ ауылының орта мектеп-гимназиялары өтініш берді.

Мұғалімдерге арналған форсайт сессиясын ұйымдастыру және өткізу 2023 жылғы 18 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Кездесу барысында мұғалімдер үлкен қызығушылық пен белсенділік танытты. Бірінші кездесуге 25-тен астам мектеп мұғалімдері қатысты.

монепсрвскошлдщ сапраспглиемпсавнр апрсомилдимспрмо чврлаогнмавроршл апрсомилдимспрмо апсолриопсавчпыварпм мспармиотль

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close