ШАҚЫРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР
ҚазСТА-дағы білім беру және ғылыми үдерістердің интернационалдандырылуын арттырудың негізгі индикаторларының бірі – дәріс оқу, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулер жүргізу, PhD докторанттарына шетелдік ғылыми жетекшілердің жетекшілік етуі, ғылыми іс-шараларға қатысу үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарынан шетелдік профессорларды тарту.
ҚазСТА-да шетелдік ғалымдарды академияның әріптес университеттерімен және қажеттілігімен алдын ала келісім бойынша тарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
Ғалымдарды тарту Академияның профессорлық-оқытушылық құрамын кәсіби дамыту мақсатында, сондай-ақ әртүрлі академиялық және ғылыми мәселелер бойынша кеңес беру үшін жүзеге асырылады.
Соңғы оқу жылдарында келесі ғалымдар шақырылды:
- Ulrich Hartmann (Ульрих Хартман)– Лейпциг университетінің профессоры, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
- Ronald Maughanжәне Susan M Shirreffs – Әулие Эндрюс университетінің профессорлары (Ұлыбритания) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
- Платонов Владимир Николаевич және Булатова Марина Михайловна – Укринаның ұлттық дене шынықытыру және спорт университетінің профессорлары.
- Мехмет Гюоглу Gazi университетінің профессоры (Түркия Республикасы) «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;
- Любовь Скавронская – Griffith университетінің PhD Докторы, Квинсленд «Туризм» мамандығы.
- Смоленский А.В. – Ресей мемлекеттік дене шынықытыру, спорт, жастар және туризм университетінің профессоры (Москва қ.);
- Гунина Л.М. – Ұлттық допингке қарсы орталықтың профессоры (Украина).
- Дусенко С.В. –Ресей мемлекеттік дене шынықытыру, спорт, жастар және туризм университетінің профессоры (Москва қ.), «Туризм» мамандығы.
- Вилма Дудониене – Литва спорт университетінің техника ғылымдарының докторы, физиотерапевт (Каунас қ., Литва)
- Анеле Гедмантайте – кинезиотерапия магистрі, Литва спорт университетінің докторанты (Каунас қ.,Литва)
- Георгий Брестнички – Ұлттық спорт Академиясының PhD докторы (София қ., Болгария)