АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

ПОҚ академиялық ұтқырлығы Білім алушылардың академиялық ұтқырдығы

Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушыларды немесе зерттеуші оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге (оқу және өндірістік практиканы қоса алғанда), яғни семестр немесе оқу жылына басқа ЖОО-ға оқуға(ел ішінде немесе шетелге) немесе зерттеу жұмысын жүргізуге жіберу.

Академиялық ұтқырлықтың екі түрі бар: сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық). Академиялық ұтқырлық бағдарламасы серіктес университеттермен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

Эразмус+ – білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол еуропалық елдер (Бағдарлама елдері деп аталатын) арасындағы, сонымен қатар, еуропалық елдер мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады. Эразмус + бағдарламасы туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыз http://erasmusplus.kz/index.php/ru/erasmus/o-programme

  Мевлана – ҚазСТА мен Түркиядағы серіктес университеттер арасындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылардың халықаралық алмасу бағдарламасы. Мевлана бағдарламасы туралы ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыз https://mevlana.yok.gov.tr/

Close