Күрес кафедрасының тәрбие жұмысы

ҰСТ және Күрес кафедрасының 2023-2024 оқу жылының жарты жылдық тәрбие жұмысының

ЕСЕБІ

  1. Ұйымдастырушылық, ақпараттық және әдістемелік жұмыс: ҰСТ және күрес кафедрасының студенттерімен тәрбие жұмысы іс-шаралары өтті.

2023-2024 оқу жылы  тәрбие жұмысының есебі төмендегідей:

1-қыркүйек білім күніне орай декан,кафедра меңгерушілері, эдвайзерлер жалпы жиналыс өткізді. Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарында білім берудің  кредиттік оқу жүйесінің талаптарымен ережелерін  таныстырды. Күнтізбелік жоспарына сәйкес, жеке оқу жоспарымен оқитын студенттерге өткізуіне байланысты оқу-жаттығу жиындарымен жарыстардың өткізілуіне байланысты оқу барысының ұйымдастырылуы, жүргізілуі түсіндірілді. Жиналысқа күрес кафедрасының жалпы дерлік білім алушылары белсенділікпен қатысты.

16.10.2023 ж аға оқытушы Қонаев Талғат «Ұлттық ойындар мен спорт түрдеріне сипаттама» тақырыбында ашық  сабақ жүргізді. Дәріскер жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақтың ұлттық спортын насихаттап студенттерге ұлттық спортпен бірге салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында баяндама жасалды.

           Дәріскер ең алдымен әртүрлі контингенттегі мекемелердің жағдайын жақсаруына көңіл бөлу керектегін, жинақталған материал жаттықтырушылардың практикалық жұмыстарымен толықтырылып, қатысушылардың қызығушылығын туғыза білді. Дәріскер көпшіліктің ағзаны шынықтыру үшін түрлі құралдарды пайдалану әдістеріне тоқталды.

  1. Студенттердің емдік процесін ұйымдастыру:

Кафедра оқытушылары жетекшілігімен 2023-жыл 21-28-қазанда К.Р.Байдосовты еске алуға арналған «Күрес фестивалі» өтті. Кафедра студенттері дзюдо, самбо, еркін, қазақша, грек-рим күрес түрлері бойынша сайыстарға қатысты.

КазСТА мен Өзбекстан Республикасының студенттері арасында қазақ күресінен жолдастық кездесу өткізді. Күрес фестивалінде Қазақстанның спорт ардагерлері қатысып, академия студенттеріне өздерінің  тәжірибелерімен бөлісті. Аталған шара студенттер үшін үлкен тәрбиелік бағыт көрсете білді.

Воспит.работа НВСВоспит.работа НВС (1)

  1. Тәртіпті ұстау және студенттер арасында заң үстемдігін шешуге ұйымдастыру:

Есқалиев Мұқтар Зеноллаұлының бастауымен 1-курс студенттері арасында жиналыс өтті. Күрес кафедрасында оқу жылы аясында  «Салауатты өмір салты», «Темекі шегу, ішімдік, нашақорлықтың  зияны туралы», «Діни экстеремизм және терроризм»  тақырыптар аясында  тәрбие жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар осы бағытта ұйымдастырылған жұмыстар барысында сауалнамалар толтырып, түрлі әдістегі шараларда белсенділік көрсетті.

  1. Эдвайзерлердің ұйымдастыру жұмыстары:

 Кафедрада отырысында  жатақханада тұратын студенттердің тәрбие жұмысының жүргізілуі бойынша мәселелер қарастырылды. Студенттерге топ кураторы, топ старосталары тағайындалды. Топ кураторлары студенттердің сабаққа қатысуын, оқу үлгерімін, ғылыми конференцияларға атсалысуын және спорттық шараларға, академияның қоғамдық жұмыстарына белсене араласуын қадағалап жүргізіп отырды. Күрес кафедрасының қысқы оқу сессиясының қорытындысы бойынша студенттер және эдвайзерлер отырысы өткізді.  Отырыста студенттердің оқу үлгерімі, спорттық жарыста көрсеткен нәтижелері талқыланды. Күрес және ҰТС кафедрасының  студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене атсалысты. Зерттеу жұмыстары бойынша республикалық, ЖОО басылымдарында материалдар жарық көрді.  

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор     Шепетюк  Михаил Николаевичтің 70-жас мерейтойына арналған «Білім беру, дене мəдениеті, туризм жəне спорттағы инновация» VΙ халықаралық ғылыми-практикалық

Конференциясында ҰСТ және Күрес кафелрасы  аға оқытушылары  доктор Phd Дошыбеков А Б дпн Бектұрғанов Ө. Е.  Айтпанбет А.А. және Қонаев Т.А.баяндама оқыды.

Воспит.работа НВС (2)Воспит.работа НВС (3)

  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие:

Күрес кафедрасының оқытушылары және 1-курс студенттері Академиялық сенбілікке белсене қатысты. 04.10.2023 еңбек  күніне орай ұйымдастырылған «Менің жетістігім менің нәтижем» атты дөңгелек үстел шарасына студенттер үлкен дайындықпен атсалысты. Кеш барысында Ұстаздар мен студенттер өзнің жетістігмен жоспарлары жайлы ойын ортаға салды,  тағылымдары мен маңызы  көрермен білім алушылар үшін үлкен тәрбиелік мазмұн бере алды.

Воспит.работа НВС (4)

  1. Рухани-адамгершілік білім беру :

 ҰСТ және Күрес түрлері кафедрасының  меңгерушісі доктор Phd  Дошыбеков А.Б.  КазСТА  оқытушылар арасында 2023-2024. жылдың үздік оқытушы номинациясымен марапатталды және аға оқытушы Айтпанбет А.А.үздік жаттықтытырушы номинациясымен марапатталды .Білім күніне орай аға оқытушы Таширов Аслан мен Насиев Елдар құрмет грамотасымен марапатталды.ҰСТ және Күрес кафедары студенттері Әсетұлы Сұлтан жылдың үздік спортшы студенті аталса Сейтқожа Мирас жылдың үздік белсенді студенті номинациясын жеңіп алды.

Воспит.работа НВС (5)Воспит.работа НВС (6)

 

  1. Салауатты өмір салтын ынталандыру:

2023 жылдың 24- қазанда1-4 курс студенттерімен ҰСТ және Күрес кафедрасы кездесу ұйымдастырды.Кездесуде грек-рим күресінен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Олимпиада чемпионы екі дүркін әлем чемпионы Ш Серіковты еске алуға арналған республикалық турнирге жиналған спортшылар мен спорт ардагерлерімен кездесті . Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор     Шепетюк  Михаил Николаевичтің 70-жас мерейтойына арналған КазСТА ұстаздары арасында кіші футболдан жолдастық кездесу ұыймдастырды.

Воспит.работа НВС (7)Воспит.работа НВС (8)


8. Еңбек тәрбиесі: 2023-жыл 9-қыркүйекте Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілікке қала тұрғындарымен бірге ұст және күрес кафедрасы студенттері қатысты.Алаулар,саябақтар,суат жағалауларына тазалау жүргізілді .Cенбілік кезінде бұқаралық ісшараға ұжым басшыларымен оқытушыларда атсалысты.

 Воспит.работа НВС (9)Воспит.работа НВС (10)

2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және жүргізілуі қанағаттанарлық деңгейде жүргізілді. Жоспарланған шаралар уақытында ұйымдастырылып, студенттер тыс қалмай атсалыса қатысып отырды.

Тәрбие жұмыстары әр түрлі форматта өткізілді.

Close