
2026 жылғы 28 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі стратегиялық даму бағыттарын айқындап, білім мен ғылымды өркендету, адами капиталды нығайту, цифрлық технологияларды дамыту, әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне ерекше мән берді.
Жолдауда көтерілген бастамалар Қазақ спорт және туризм академиясының білім беру, ғылыми-зерттеу және спорт саласындағы қызметімен тікелей үндеседі. Әсіресе, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау және салауатты қоғам қалыптастыру бағытындағы міндеттер Академия үшін маңызды бағдар болып табылады.
Президент Жолдауы – еліміздің тұрақты дамуына, ұлттық әлеуетін нығайтуға және болашақ ұрпақтың игілігіне бағытталған маңызды стратегиялық құжат.














