Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» 2026 жылғы конкурсы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылға арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына (бұдан әрі – Конкурс) қатысты төмендегіні хабарлайды.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.
Конкурсқа академияның штаттық оқытушылары арасынан педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар, үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар үміткерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарындағы үміткерлердің құжаттары мына сілтеме бойынша жүйе арқылы қабылданады: https://universitycontest2026.kz (бұдан әрі – Жүйе).
Конкурстың I кезеңі 2026 жылғы 5 қарашадан 18 қарашаға дейін, сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатарындағы үміткерлер Жүйе арқылы төмендегі құжаттарды ұсынады:
1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға арналған белгіленген үлгідегі өтінім.
2. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша мәліметтер (соңғы 5 жыл үшін: 2026, 2025, 2024, 2023 және 2022 жылдар, нақты мерзімі белгіленген тармақтарды қоспағанда).
3. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жылдық кестесі.
4. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер Жүйеде тіркеуден өтуі қажет.
Конкурстың I кезеңінің нәтижелері бойынша апелляция беру мерзімі – 2026 жылғы 19–20 қараша.
Конкурстың II кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, Жүйені пайдалану жөніндегі нұсқаулық universitycontest2026.kz сілтемесі бойынша орналастырылады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда g.zailashova@sci.gov.kz электрондық поштасына немесе (87172) 74-22-84 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Конкурс қорытындысы бойынша 150 жеңімпаз анықталады. Жеңімпаздарға 2 000 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант және жеңімпаз куәлігі беріледі.
ҚазАСТ профессор-оқытушылар құрамын (ПОҚ) аталған конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!
WhatsApp Image 2026-11-09 at 16.10.51 (1)

Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖