
📅 2026 жылғы 20 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында ChatGPT Edu және Codex жасанды интеллект құралдарын білім беру, ғылыми-зерттеу және әкімшілік қызметте тиімді қолдануға арналған тәжірибелік семинар өтті.
👩💻 Семинардың спикері ретінде Қазақстандағы OpenAI өкілі — Bilim UpSkill Group компаниясының маманы сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар ChatGPT Edu платформасының функционалдық мүмкіндіктерімен, оны тиімді пайдалану ерекшеліктерімен және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің артықшылықтарымен жан-жақты танысты.
💡 Іс-шараның тәжірибелік бөліміне ерекше назар аударылды. Спикер интерактивті шеберлік сабағын өткізіп, ChatGPT Edu құралдарын тиімді қолдану тәсілдерін көрсетті, кәсіби ұсыныстарымен бөлісті және жасанды интеллекттің оқытушылар мен академия қызметкерлерінің күнделікті жұмысын қалай жеңілдететінін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа цифрлық құралдарды меңгеруге мүмкіндік алды.
🚀 Жасанды интеллект технологияларын енгізу — Қазақ спорт және туризм академиясының цифрлық трансформациясы жолындағы маңызды қадам!
Bilim UpSkill Group компаниясына мазмұнды семинар, құнды тәжірибелік білім және академия қызметкерлерінің цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!













