
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Академияның профессорлық-оқытушылар құрамын (ПОҚ), магистранттары мен докторанттарын «Ғылыми зерттеулердегі жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу» тақырыбындағы ашық дәріске қатысуға шақырады.
Дәріс барысында автоматтандыру мен ақпараттандырудың өзекті бағыттары, жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және оларды ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында, экономикада, денсаулық сақтау мен медицинада қолдану мәселелері қарастырылады.
Дәріскер – Германия Федеративтік Республикасының ғалымы, Ph.D. докторы (техника ғылымдарының кандидаты) Alexander Wagner. Ол ғылыми зерттеулерді автоматтандырылған басқару жүйелерін, сараптамалық жүйелерді, жасанды интеллект жүйелерін, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық және ақпараттық-іздеу жүйелерін әзірлеу саласында қызмет атқарады.
Өткізу күні: 2026 жылдың 15 қазаны.
Уақыты: сағат 15:00.
Өткізу орны: Бас ғимарат, 218-кабинет.
Семинар офлайн форматта өтеді.





