
2026 жылы 8 қазанда Қазақ спорт және туризм академиясында «Конституция — құқықтық мемлекеттің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Дәрістің мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жан-жақты түсінік беру, Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Аталған іс-шараны Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Тебегенова Эльвира Темірханқызы өткізді.
Дәріс барысында Конституцияның құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері, заң үстемдігі және азаматтық қоғамның дамуы мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге Конституцияның қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызы туралы ақпарат берілді.
Студенттер дәріс тақырыбына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті, өз ой-пікірлерін білдіріп, талқылауға қатысты.









