VI Халықаралық жыл сайынғы конференция

«Институционалдық реформалар мен жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: комплаенс, заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру»
2026 жылғы 27 ақпанда AlmaU (Almaty Management University) базасында
«Институционалдық реформалар мен жаһандану жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: комплаенс, заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбында VI халықаралық жыл сайынғы конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақ спорт және туризм академиясының өкілдері қатысты.
«Жаһандану жағдайындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің рөлі» тақырыбында баяндама жасаған – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Самалдыкова Зауре Максутовна.
Өз баяндамасында спикер институционалдық реформалар мен жаһандану үдерісі жағдайында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда білім берудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жоғары білім беру бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы модульдерді енгізу, комплаенс-мәдениетті қалыптастыру және жастардың құқықтық санасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ конференцияда Қазақ спорт және туризм академиясының «Туризм» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Закиров Искандер баяндама жасады.
Ғылыми жетекшісі – Самалдыкова З.М.
Студенттің баяндамасының тақырыбы:
«Қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру».
Өз сөзінде Закиров Искандер сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, білім беру ұйымдарының жастар бойында адалдық пен заңға құрмет құндылықтарын орнықтырудағы рөлін ерекше атап көрсетті.
Академия оқытушылары мен студенттерінің халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы ғылыми әлеуетті арттыруға, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және болашақ мамандардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
04ed34f5-521b-4ded-beb8-534596e43b02

93ad70b3-9cd9-48c9-a938-a3297a35b6b0

80404030-b0a7-4c3e-9f27-e512588fc88d

7af6b1f1-5c17-4015-879f-6ddd31010a37

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма