
Білім инновациялық орталығының «Жаңа қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту, сондай-ақ дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік студент» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған FOS 22-15 топ студенті Бахыт Абдурахым Ғабиденұлы марапатталды.
Сонымен қатар оның ғылыми жетекшісі — PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ерданова Г.С. да марапатталды.








