Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжат қабылдау басталды

Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі 2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне Литва (Erasmus), Польша, Түркия және Ресейдің серіктес жоғары оқу орындарында ағылшын және орыс тілдерінде оқу үшін сыртқы академиялық ұтқырлық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжаттарды қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Erasmus бағдарламасы бойынша Литва ЖОО-да ҚазСТА студенттеріне оқуға 1 грант берілді. Аталған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының ағылшын тілін білуі талап етіледі. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. Үміткерлермен алдын ала сұхбаттасу Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде жүргізіледі.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1. Білім алушының толық деректері бар ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (мамандық, топ, паспорттық деректер, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);
2. ҚР азаматының жеке куәлігінің және/немесе шетелдік паспортының көшірмесі;
3. Білім туралы құжат: ағымдағы үлгерім туралы мөрмен расталған транскрипт (GPA кемінде 3.0 балл);

Құжаттарды қабылдау ҚазСТА Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде 2026жылдың 1 мамырына дейін көрсетілген мекенжай бойынша жүргізіледі: бас корпус, 1-қабат, 117 кабинет, тел.: 292-11-63

ҚазСТА Ғылым және халықаралық байланыстар бөліміsajty-obyavlenij - 17

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма