
2026 жылы 29–30 қаңтар аралығында Қазақ спорт және туризм академиясында «Алматы грек-рим , еркін және әйелдер күресі федерациясы» мен бірлесе отырып «United World Wrestling жарыс ережелерінің 2026 жылғы өзгерістер мен жаңартулар» тақырыбындағы 36 академиялық сағат көлеміндегі семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинг аясында тыңдаушылар United World Wrestling жарыс ережелеріндегі соңғы өзгерістерді, төрешіліктің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын, оқу-жаттығу және жарыс қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Семинар-тренингті Олимпиадалық дәрежедегі төреші (IS), ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациисының төрешілер корпусының төрағасы Жумабеков Ерик Оралович және Олимпиадалық дәрежедегі төреші (IS), United World Wrestling сертификатталған инструкторы-коуч Лигай Игорь Олегович өткізді.
Семинар-тренингке 24 төреші , 56 жаттықтырушы және 94 спортшылар мен студенттер қатысты. Семинар-тренингті академияның Күрес залында «Спорт төрешісі (грек-рим, еркін және әйелдер күресі)» микроквалификациясы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің деканы Конакбаев Бакытбек Мухаметханович ұйымдастырды.















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма