
2026 жылы 5 ақпанда Қазақ спорт және туризм академиясында Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 30 қаңтардағы жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға академияның профессор-оқытушылар құрамы қатысып, жаңа Конституция жобасына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Дөңгелек үстелді Қазақ спорт және туризм академиясының Спорт және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ескалиев Мұхтар Зайнолдаұлы жүргізді. Ол Конституциялық реформаның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ғылыми қауымдастықтың қоғамдық талқылауға белсенді қатысуының өзектілігіне тоқталды. Іс-шара барысында спикерлер ретінде Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және цифрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тебегенова Эльвира Темірханқызы және философия ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Адерихин Сергей Владимирович сөз сөйледі. Спикерлер жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерімен таныстырып, оны талқылауға ұсынды. Талқылау барысында қатысушылар құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасты.


















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма