КазАСТ түлегі — Әлем кубогының жүлдегері

Нариман Құрбанов — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Қазақ спорт және туризм академиясының түлегі, Германияның Котбус қаласында өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды.

FIG Artistic Gymnastics World Cup аясында өткен финалда ат снарядында Нариман бағдарламасын жоғары деңгейде орындап, 14,933 ұпай жинады.

Котбус төрінде өтетін бұл турнир – халықаралық спорт күнтізбесіндегі беделді жарыстардың бірі.

Қазақ спорт және туризм академиясы өз түлегінің жарқын жетістігіне мақтаныш білдіреді!
Нариманға алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа биіктер тілейміз!5258057414156686209

5258057414156686208

5253534345442562572

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма