Зейнулинов Ертуган Иязбекұлы — табандылықтың, еңбектің және жеңістің символы.

Ертуган 2015 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының табалдырығын аттап, 2019 жылы бакалавриатты, 2021 жылы магистратураны сәтті аяқтады.

Студент кезінен-ақ халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, 2016 жылы студенттер арасындағы FISU Азия чемпионатында күміс және қола жүлдегер атанды.

Бүгінде ол:
— Қазақстанның екі дүркін чемпионы (ересектер арасында)
— 2024 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері
— 2025 жылғы Әлем кубогының чемпионы
— IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері
— Халықаралық дәрежедегі бокстан спорт шебері

Салмақ дәрежесі: 63,5 кг
IBA World Boxing рейтингінде: 168/5

Ертуган — 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиада ойындарына үміткер.
Қазіргі таңда Жапонияда өтетін Азия ойындарына қызу дайындық үстінде.

Спорттық жолын жалғастыра отырып, Ертуган туған академиясына қайта оралып, кафедрада методист-тренер ретінде жас спортшылармен тәжірибесін бөлісіп жүр.

Ол өз жолында қолдау көрсеткен Қазақ спорт және туризм Академиясының ректоры мен басшылығына шынайы алғысын білдіреді.

Осы жетістіктерге жету жолында Ертуганға бағыт-бағдар беріп, үлкен үлес қосқан жаттықтырушысы — Карменов Қайрат Мауытханұлына шынайы алғысын білдіреді.
Ұстаз еңбегі — жеңістің берік іргетасы.

💙 Ал биылғы жыл Ертуган үшін ерекше қуанышпен есте қалды —
спортшы егіз ұлдың әкесі атанды!

Ертуган Иязбекұлын отбасындағы қос қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлдарыңыз мықты, дені сау, әкесіндей қайсар әрі ел мақтанышы болсын!

Жеңістеріңіз көбейіп, отбасылық бақыт пен спорттық биіктер әрдайым қатар жүрсін!
545260065_18503515402066524_2731025680530005188_n

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма