Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік

2026 жылғы 24 ақпанда Қазақ спорт және туризм академиясі, күрес кафедрасында студенттерге арналған «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Іс-шара құқықтық сауаттылықты арттыру және мәжбүрлі некеге тұрғызуға, сталкингке және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан аясында, сондай-ақ «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.
Спикерлер ретінде кафедраның аға оқытушылары Айтпанбет А., Таширов А., Қонаев Т. сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттермен жеке шекараны қорғаудың құқықтық негіздері, өзгенің таңдауы мен жеке кеңістігіне, пікіріне құрметпен қарау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген зорлық-зомбылық, сталкинг және мәжбүрлі некеге тұрғызу үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды. Студенттер спикерге өз сұрақтарын қойып, қоғам үшін өзекті тақырыпты белсенді түрде талқылады.
Мұндай іс-шаралар заманауи жастарды тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқықтық сананы арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 115-1-бап «Сталкинг» енгізіліп, адамның еркінен тыс заңсыз жүйелі түрде қудалау (мазасыз қоңыраулар, хабарламалар, аңду) үшін жауапкершілік белгіленді.
Қазақ спорт және туризм академиясі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың құқықтық санасын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
DSC06468

DSC06465

DSC06447

DSC06423

DSC06416

DSC06413

DSC06389

DSC06367

DSC06365

DSC06362

DSC06337

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма