«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналы бойынша семинар өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2026 жылдың 23 ақпанында Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналына жариялау үшін ғылыми мақалаларды дайындау» тақырыбында семинар офлайн және онлайн форматта өткізілді.
Аталған журнал академия тарапынан шығарылып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген.
Семинарға ҚазСТА оқытушылары, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Семинар спикері ретінде журналдың бас редакторы, PhD докторы Авсиевич Виталий Николаевич сөз сөйледі. Іс-шара барысында жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалардың құрылымы мен рәсімделу талаптары жан-жақты түсіндіріліп, редакциялық алқа материалдарды іріктеу критерийлері айқындалды, сондай-ақ ғылыми жұмыстардың сапасын арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Кездесу соңында бас редактор оқытушылар мен білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Семинар оқытушылардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялауға байланысты мәселелерді талқылауға қатысушыларды белсенді тарта отырып, жақсы атмосферада өтті.
WhatsApp Image 2026-02-25 at 13.27.32

WhatsApp Image 2026-02-25 at 13.27.31

Close
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма