
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Қазақ спорт және туризм академиясы оқытушылары мен ғалымдарын ҚазСТА-ның «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» журналына ғылыми мақалалар дайындау мәселелері бойынша семинарға шақырады. Аталған журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізілген.
Семинарда «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» ғылыми-теориялық журналының бас редакторы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Авсиевич Виталий Николаевич баяндама жасайды.
Іс-шара барысында жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалардың ресімделуі мен құрылымына қойылатын талаптар, редакциялық кеңестің жарияланымдарды іріктеу критерийлері, сондай-ақ ғылыми мақаланың сапасын арттыруға қатысты практикалық ұсынымдар түсіндірілетін болады. Қатысушылар мақалаларды жариялау мәселелері бойынша өз сұрақтарын қоя алады.
Зерттеу нәтижелеріңізді жариялау бойынша құнды ұсыныстар алып, жарияланымдық белсенділігіңізді арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Өткізу күні: 2026 жылдың 23 ақпаны.
Өткізу уақыты: сағат 15:00.
Өткізу орны: бас корпус, 218-кабинет.
Семинар офлайн форматта өтеді.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма