Бұл – тарихи сәт, бұл – ел болып күткен жеңіс!

32 жыл бойы күткен алтын медаль елімізге оралды!
Милан–Кортина–2026 Қысқы Олимпиада ойындары чемпионы атанған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақ спорт және туризм академиясының 2 курс студенті Михаил Шайдоров ел тарихына алтын әріппен жазылды.

Қысқа бағдарламада 92,94 ұпаймен бесінші орында тұрған Михаил еркін бағдарламада нағыз мінез бен шеберліктің үлгісін көрсетті. Төрешілер шешімімен 198,64 ұпай жинап, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпаймен айқын жеңіске жетті. Ол бұл бәсекеде бес бірдей төрттік секіруді сәтті орындап, әлемді тәнті етті.

Бұл — Қазақстанның Қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы екінші алтын жүлде.
Бұл — қажырлы еңбек пен табандылықтың жеңісі.
Бұл — біздің студентіміздің, біздің академиямыздың, тұтас Қазақ елінің мақтанышы!

Күміс жүлде жапониялық Юма Кагиямаға (280,06 ұпай), қола медаль Шун Сатоға (274,90 ұпай) бұйырды.

Қазақ спорт және туризм академиясының студенті Олимпиада чемпионы атанып, елге тарихи алтын сыйлады!

Құтты болсын!
Жасасын Қазақстан! IMG_6281

IMG_6282

IMG_6283

IMG_6284

IMG_6285

IMG_6286

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма