Алматы облысы чемпионатында қазақтың ұлттық спорт түрлері кафедрасы студенттерінің керемет өнер көрсетуі

2026 жылғы 31 қаңтарда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында өткен Алматы облысының чемпионатында Қазақ ұлттық спорт түрлері кафедрасының студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған жарыста FPSE 24-9 тобының студенті Дүйсенбай Әли 82 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, осы салмақта Боранбаев Сұлтанбек күміс жүлдені иеленді.

Сондай-ақ FPSE 25-12 тобының студенттері де жүлделі орындардан көрінді:
• Бигалиев Елдар — 60 кг, II орын
• Қуатов Нұрсұлтан — 55 кг, I орын
• Талғатқызы Айару — 56 кг, II орын
• Әлімхан Абзал — 90 кг, II орын

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

WhatsApp Image 2026-01-31 at 20.20.07 (2)

WhatsApp Image 2026-01-31 at 20.20.07 (1)

WhatsApp Image 2026-01-31 at 20.20.07 (3)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма