
2026 жылдың 12.01–18.01 дейін КеАҚ Қазақ спорт және туризм академиясында оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және оқу-әдістемелік жұмысқа жауапты бөлім жетекшілері үшін: Білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану (MagicSchool.com, Napkin AI, HeyGen AI, Canva AI) атты, офлайн форматында біліктілікті арттыру курсы өтті, нәтижесінде сертификаттар табысталды. Курстың мақсаты – академиялық пәндерді жобалау, сандық мазмұн жасау, бейне дәрістер оқу және академиялық жетістіктерді бағалау үшін жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың практикалық дағдыларын дамыту. Тренингке академияның 140-тан астам қызметкері қатысты.
Тәжірибелік курстың жаттықтырушылары академияның әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары болды: информатика магистрі, кафедра меңгерушісі А.А. Ибраимова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Н.Ж. Утеуова, информатика магистрі А.Е. Бодесова.
Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар жасанды интеллект бағдарламаларын қолдана отырып, бейне дәрістер мен презентация жобаларын өз бетінше әзірлеп, қорғады.















