Құқықтық мәдениетті нығайту: Қазақ спорт және туризм академиясында «Заң және Тәртіп» аясында дәріс өтті

2025 жылғы 2 желтоқсанда «Заң және Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Қазақ спорт және туризм академиясы Түрксіб ауданының прокуратурасымен бірлесе отырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған дәріс өткізді.
Іс-шара барысында қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі – кәмелетке толмағандармен жасалатын және оларға қатысты жасалатын қылмыстық құқықбұзушылықтардың профилактикасы қарастырылды.
Дәріс барысында есірткі қылмыстарымен күрес, нашақорлықтың, буллингтің, лудоманияның және алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Студенттерге қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, сот-тергеу тәжірибесінен мысалдар келтірілді.
Дәрісті Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Самижанов Н.Ж. және Түрксіб ауданының прокурорының орынбасары Шойбеков К.М. жүргізді.
IMG_1995

IMG_2002

IMG_2001

IMG_1999

IMG_1998

IMG_1997

IMG_1992

IMG_1993

IMG_1995

IMG_1994

IMG_1996

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма