
2025 жылдың 8 желтоқсанында Қазақ спорт және туризм академиясының «Фитнес және рекреация» білім беру бағдарламасының білім алушыларымен академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Сембаева А.А. қатысушыларға ақпарат ұсынды.
Кездесуге білім беру бағдарламасының 1–3 курс студенттері қатысты. Қатысушыларға сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары, осы бағдарламалар аясында баруға болатын елдер, сондай-ақ КазСТА-ның шетелдік және қазақстандық серіктес жоғары оқу орындары туралы мәлімет берілді. Кездесу соңында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін хабарласуға болатын бөлімнің байланыс деректері ұсынылды.
Іс-шара жақсы атмосферада өтті. Студенттер сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Кездесу қорытындысы бойынша қызығушылық танытқан студенттер Қазақстандағы серіктес жоғары оқу орындарында оқу үшін өтініштерін тапсырды.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма