
2025 жылдың 11–14 желтоқсан аралығында Н.И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университетінде (ННМУ) «Дене тәрбиесі, спорттық жаттығу және халықты сауықтыру үдерісін оңтайландырудың заманауи тәсілдері» атты XXIV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында дене тәрбиесі, спорт және денсаулық саласындағы үдерістерді оңтайландырудың заманауи тәсілдері талқыланды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – Қазақ спорт және туризм академиясы болды. Конференцияның салтанатты ашылуы 12 желтоқсанда өтті. Ашылу рәсіміне Нижний Новгород облысының спорт министрі Дмитрий Кабайло, Н.И. Лобачевский атындағы ННМУ ректоры Олег Трофимов, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының бас директоры Ержан Махметов және басқа да қонақтар қатысты.
Конференцияның ашылуында Н.И. Лобачевский атындағы ННМУ мен Қазақстан Республикасының Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ ғылыми, білім беру және жастар іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған.








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма