Академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша білім алушылармен өткен кездесудің баспасөз релизі

2025 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ спорт және туризм академиясының «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кездесу өтті. Іс-шарада Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Сембаева А.А., «Туризм» факультетінің деканы Агелеуова А.Т., және маман Абдымомынов Г.А. сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Корея Республикасының Сеул қаласында орналасқан жетекші университеттердің бірі – Sejong University білім алып келген Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері Серікқали Айгерім, Далекина Дана және Құдайберген Малика өздерінің оқу тәжірибесімен және әсерлерімен бөлісті.
Кездесуге білім беру бағдарламасының 1–3 курс білім алушылары қатысты. Қатысушыларға сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы, осы бағдарламалар бойынша баруға болатын елдер, сондай-ақ КазСТА-ның шетелдік және қазақстандық серіктес университеттері туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін хабарласа алатын бөлімнің байланыс деректері білім алушыларға ұсынылды.
Іс-шара сәтті өтті, қатысушылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша пайдалы мәліметтер алды. Корея университетінде оқып келген студенттердің ақпараты кездесуге қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Студенттер белсенділік танытып, алған мәліметтері академиялық ұтқырлық бағдарламаларының артықшылықтарын болашақ оқу үдерісінде пайдалануға мүмкіндік береді.976ef805-2ae8-4fe9-a9e7-e5b8c10ff2ac

8e290404-ea71-41db-a8a7-accfddbf7d6b

0d114e2b-1bb0-444d-bfff-d70cdcc78eb9

ed87bb56-1dc4-474f-8772-bbfa16de987a

50390700-4f5b-4640-8910-a1eab9466114

0a2a12eb-e439-4ff8-8b49-f1417666baf9

7e15ea1e-6c43-4808-bc8a-b8a5ca753288

c6e09dcc-1456-4390-bb06-7c1260106dd2

2b62f57b-153d-452f-87b3-5fcef7f3eaab

26256487-b697-4134-a3d3-e235a127d039

5b7ebd6f-5c89-48ba-a505-dfc3ad7d0a98

5b4ebb6a-3361-49a5-b8fa-62128b6efe67

8bdeb87e-1463-4b46-b07c-0c64422551a7

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма