
2025 жылдың 27 қарашасында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде ғалым, абайтанушы Жабал Шойынбеттің 70 жас мерей тойы негізінде «Абай танудың жаңа кезеңі және Жабал Шойынбет» республикалық форумы өтті. Форумға қазак, орыс және шетел тілдері кафедрасы атынан кафедра меңгерушісі Орынбаева Улсерик Қыдырбайқызы және қауымдастырылған профессор Болғанбаева Баян Дүйсенбекқызы қатысып, құттықтау лебіздерін жолдады. Форум барысында жетекші ғалымдар мен зерттеушілер баяндама жасап, жаңа оқулықтар мен зерттеу еңбектерінің тұсаукесері өтті. Республикалық форум – ұлттық руханиятты терең тануға, Абай ілімінің көкжиегін кеңейтуге бағытталған маңызды басқосу болды. Кафедрамыз атынан қатысқан ұстаздарымыздың белсенділігіне ризашылығымызды білдіреміз!








Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма