
2025 жылдың 11 қарашасында Zoom платформасы арқылы DIANA жобасын іске қосуға арналған алғашқы кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Қазақстан мен Өзбекстандағы ауылдық туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және енгізу арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту». Жобаның Қазақ спорт және туризм академиясы тарапынан кураторы – Агелеуова Айгуль Токтархановна.
Модератор ретінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рыспаева Динара Сарсембаевна шықты. Онлайн кездесу Қазақстан, Германия, Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері үшін ұйымдастырылды, олар аталмыш жобаның қатысушылары болып табылады.
DIANA жобасының серіктестері келесілер болып табылады: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ., Қазақстан), Португалия, Порту қаласындағы Инфанта Энрике университеті – Кооперативтік орталық (Centro Cooperativo de Ensino), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ., Қазақстан).
DIANA жобасы ауылдық аймақтардағы әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және олардың сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Осылайша, аталған жоба «жасыл» экономиканы қолдайды, Орталық Азия елдерінің экономикаларын жаңғыртады, оларды бәсекеге қабілетті және жаңашыл болуына ықпал етеді. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу білім мен бизнесті агроэкотуризм саласындағы жеке сектордың қажеттіліктерімен ұштастыру арқылы жүзеге асады. Жобаның жүзеге асыру кезеңі: 2025–2028 жылдар.







Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма