
КазАСТ FPSE 24–8 студенті Орымбек Көркемді
Сербия, Белград каласында, 19-24 ноябрь аралыгында, ECC champions league клубтық турнирінде
дзюдо бойынша командалық 3-орын алған
жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көркем барлық кездесулерінде өте байсалды, тактикалық тұрғыдан сауатты және жігерлі күрес көрсетті. Еуропа вице-чемпионын таза иппон бағасымен лақтырып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауы — оның жоғары деңгейдегі шеберлігін айқын дәлелдейді.
Бұл маңызды жеңіс академиямызға да, Қазақстан құрамасын да зор мақтаныш сыйлады.
Жеңісің құтты болсын, Көркем!
Алдағы белестерің бұдан да биік болсын!












