Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына бағышталған «Абай – халық ұстазы» атты дөңгелек үстел

Қазақ спорт және туризм академиясында «әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен қазан айының 24-ші жұлдызы күні Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына бағышталған «Абай – халық ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Абайдың өсиеттерін үлгі етіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Танымдық-тәрбиелік мәні зор іс-шара үш бөлімді қамтыды:
І-бөлім. Абайдың қара сөздері: рухани-өнегелік ой-толғаулар
ІІ-бөлім. Абайдың поэзиялық шығармалары
ІІІ-бөлім. Абай-сазгер.
Іс-шараны ұйымдастырушы модераторлар: К.Н. Жанганатова, К.А. Тулентаева.
Дөңгелек үстел барысында жастар ұлы Абайдың бай қазынасын зерделеп, философиялық терең ойларымен табысып, өмірлеріне рухани азық (теріс әрекеттерден, жағымсыз мінез-құлықтан, жағымсыз істерден және т.б. арылу) жинады. Дара тұлғадан қалған мұраны саралау үстінде студент жастарымыз өмір жолдарында дұрыс бағыт ұстау қағидаттарын түйсінді.
Дөңгелек үстел прозалық, поэзиялық, әуездік сынды талғамдық сипатта өрістеді. Танымдық іс-шараға студенттер өз өнерлерін ортаға салып белсенділік танытып, жоғары дәрежеде өткізді.
Қорытынды сөз сөйлеген «әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі А.А. Ибраимова Абай мұрасының құндылығын тереңірек тану мақсатымен жастардың оның шығармаларымен терең танысуға шақыра отырып, 180 жыл өтсе де Хәкім-атаның туындылары бүгін де өзекті екендігіне тоқталды. Сөз соңында танымдық іс-шараның өз мақсатына жеткендігін және оған айтулы үлес қосқан студенттік қауымға ризашылығын білдірді.
WhatsApp Image 2025-11-13 at 12.40.56

WhatsApp Image 2025-11-13 at 12.39.33

WhatsApp Image 2025-11-13 at 12.39.19

WhatsApp Image 2025-11-13 at 12.38.56

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма