ҚазСТА Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңесі (ҮКҒК) өз жұмысын бастады.


2025 жылдың 2
5 қыркүйегінде академияның Үйлестіру-консультативтік ғылыми кеңесі өз жұмысын бастады. 2025–2026 оқу жылында ҮКҒК жұмысына академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының: дене шынықтыру және спорт және туризм бойынша 11 белгілі ғалымдар қатысады.

Күн тәртібіне сәйкес жиналыста, диссертацияларын қорғауға дайындалып жатқан ҚазСТА докторантурасын бітірген төрт түлектерінің диссертациялық зерттеу тақырыптары мен ғылыми жетекшілерінің кандидатураларының өзектілігі талқыланды.

Сондай-ақ жиналыста, академияның Ғылыми кеңесінің 2025-2026 оқу жылына арналған ҮКҒК жұмысының жоспары мен алгоритмі туралы шешімі таныстырылды.

Бұл жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі, магистранттардың ғылыми-зерттеу есептерін бітіруші кафедралардың кеңейтілген мәжілістерінде ҮКҒК сарапшылары мен ғылыми-зерттеу және халықаралық жұмыстар жөніндегі проректорының міндетті түрде қатысуымен талқылауды қамтиды.

3900c767-f05a-48d5-b517-48e2b969a3ca 13b541f1-3e30-415f-b351-61ea7dd5a587 43045f78-42b1-4342-b3d6-200cebe36813

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма