
Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры Байжумин Жумажан Габдушакирович «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өткен «Түркі жұртының жұрнағы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.
Конференция Маңғыстау облысы әкімдігінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Халықаралық Түркі академиясының және Әлкей Марғұлан атындағы археология Институтының қолдауымен ұйымдастырылып, 2025 жылдың 2-3 қазанында Ақтау қаласында өтті.
Профессор «Түркі халықтарының археологиялық іздері және мемлекеттердің қалыптасуындағы Еуразия малшыларының тарихи рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция жұмысына ТҮРКСОЙ-ға мүше елдер — Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің халықаралық ғылыми-зерттеу институттары мен тарихи-мәдени орталықтарының ғалымдары, сондай-ақ Қазақстанның археология, реставрация және тарихи-мәдени мұра нысандарын зерттеу саласындағы белгілі мамандары қатысты.









Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма