
2025 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ-да «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» Қоғамдық қорымен және Insight school Бірінші тәуелсіз инклюзивті мектебімен Академия студенттеріне дуальды оқытуды ұйымдастыру бойынша кеңес өтті.
Академия мен Қоғамдық қор арасындағы келісімшартқа сәйкес, 2025-2026 оқу жылынан бастап бірқатар білім алушылар келесі білім беру бағдарламалары бойынша:
6B01403 – «Бейімдік дене шынықтыру және спорт»
6B01401 – «Дене шынықтыру және спорт»
Insight school мектебіне дуальды оқытуға жіберіледі.
Кеңеске «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» Қоғамдық қорының директоры Салтанат Мурзалинова-Яковлева және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттағы азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, ҚР Мәжілісінің депутаты, Инклюзивті Парламенттің мүшесі Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы қатысты.






Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма