
Әлеуметтік серіктестік. Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың өзекті мәселелері»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты – спорт инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық және балалар спортына қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ әлеуметтік серіктестікті нығайту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, спорт саласының сарапшылары, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақ спорт және туризм академиясы атынан
Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы – Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағының вице-президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор қатысты.
Өз сөзінде ол студенттік спорт қозғалысын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының рөлін ерекше айтты. Сонымен қатар, Академияның спорттық кадрлар даярлау және студенттік спорт саласындағы жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу соңында қатысушылар бұқаралық және балалар спортының дамуын қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және мемлекеттік құрылымдар мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.

















Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма