III Түркі универсиадасында — еркін күрестен тарихи жеңіс!

Қырғыз Республикасында өткен III Түркі универсиадасында қазақстандық балуандар ел намысын асқақтатып, командалық есепте 1-орынды жеңіп алды!

Жекелей сындарда да спортшыларымыз жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
Амирхан Даулет (57 кг), КазАСТ — алтын медаль иегері.
Айтбеков Акежан (97 кг), КазНУ — күміс жүлдегер.
Албайұлы Әділхан (65 кг), КазАСТ — қола медаль иегері.

Бұл жеңістер — біздің балуандарымыздың қажырлы еңбегінің, бапкерлердің дұрыс тактикасы мен табанды дайындығының жемісі. Әр белдесу — тек кілем үстіндегі тартыс қана емес, ол шыдамдылықтың, қайсарлықтың және нағыз спорт рухының көрінісі болды.

✨ Қазақстан құрамасы бүкіл түркі әлемінің спортшылары қатысқан додада биіктен көрініп, еліміздің беделін тағы да арттыра түсті.

Жеңімпаздарымызды, жүлдегерлерімізді және олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жарқын жеңістер мен жаңа тарихи жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

IMG_1559 WhatsApp Image 2025-09-08 at 20.09.24 WhatsApp Image 2025-09-08 at 20.09.24 (2) WhatsApp Image 2025-09-08 at 20.09.24 (1)

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма