
25 қыркүйек күні академиямызда Алматы қаласы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі өкілдерімен 1-курс студенттері арасында кездесу өтті.
Кездесу барысында буллинг, топтық төбелес, қоғамдық тыныштықты бұзу, нашақорлықтың алдын алу және жастар арасындағы өзекті құқықтық мәселелер қарастырылды.
Студенттерге заңды сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндірілді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жастарға құқықтық мәдениет қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттау және полиция өкілдерімен ашық пікір алмасу болды.
Осындай шаралар студенттердің саналы да жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.







