Ертуған Зейнуллинов 65 кг салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте Мүхаммедсабыр Базарбайұлын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды!

Тамаша жаңалық!

Қазақ спорт және туризм академиясының мақтанышы, әріптесіміз Ертуған Зейнуллинов 65 кг салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте Мүхаммедсабыр Базарбайұлын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды!

Бұл — тек Ертуғанның ғана емес, бүкіл академия ұжымы мен спорт қауымдастығының зор жеңісі!

Оның жеңісі — маңдай тер мен қажырлы еңбектің, табандылық пен сенімнің жемісі. Ертуғанды үлкен додаға дайындаған, оның нағыз чемпион ретінде қалыптасуына ықпал еткен — Бокс және ауыр атлетика кафедрасының тәжірибелі жаттықтырушысы, Карменов Қайрат Маутхановичке айрықша алғысымызды білдіреміз.

Біз Сіздермен мақтанамыз!
Академиямыздың рухын биіктеткен бұл жеңіс — әлі талай белестердің бастауы болсын!

✈️ Әлем чемпионаты 4-14 қыркүйекте Ливерпульде өтеді.
Ертуғанға жеңісті жорық, жарқын жеңіс пен сәттілік тілейміз!

WhatsApp Image 2025-08-19 at 12.49.05 WhatsApp Image 2025-08-19 at 16.06.39

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма