2025 жылғы 10 маусымда «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, TOUR 22-1 және TOUR 22-2 топтары өндірістік практика аясында Шымкент қаласына біркүндік сапар жасады.

2025 жылғы 10 маусымда «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері, TOUR 22-1 және TOUR 22-2 топтары өндірістік практика аясында Шымкент қаласына біркүндік сапар жасады.

Сапар барысында студенттер қаладағы бірқатар туристік нысандармен танысты. Атап айтқанда, олар «Visit Shymkent» визит-орталығының бас кеңсесінде, Арбат жаяу жүргіншілер алаңында орналасқан туристік ақпараттық киоскіде және «Shym-qala» тарихи-мәдени кешенінде болып, Шымкент қаласының тарихымен танысты. Сонымен қатар, студенттер өңірдегі ең көне әрі маңызды қалалардың бірі — ежелгі Испиджаб деп аталған Сайрам қаласына барды. Бұл қала ислам дәуірінде ірі сауда және тарату орталығы ретінде танымал болған.

WhatsApp Image 2025-06-13 at 15.37.36 WhatsApp Image 2025-06-13 at 15.37.35 (2) WhatsApp Image 2025-06-13 at 15.37.35 (1) WhatsApp Image 2025-06-13 at 15.37.34

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма