Без рубрики
«Адаптивті дене шынықтыру және спорт, инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері»

«Қазақ спорт және туризм академиясы» КеАҚ, Алматы қ., 2025 жылдың 28.04. – 14.05 дейін, жалпы және арнаулы мектептердің, мектеп-интернаттардың, жасөспірімдер спорт мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне, АФК мұғалімдері мен инструкторларына, бейімді спорт жаттықтырушыларына арналған «Адаптивті дене шынықтыру және спорт, инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері» (сертификат көлемі 80 сағат) тақырыбында онлайн біліктілікті арттыру курсы (WEBEX онлайн платформасы) өткізілді.
Сабақтарды арнайы шақырылған дәріскерлер жүргізді: «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорының директоры – Ульжекова Нургуль Туленовна, «Астана медицина университеті» Е. Дәленов атындағы ҒЗИ п.ғ.к., доценті – Сыздыкова Сауле Жумабаевна, КГУ ОШ 116 директоры – Мейрханова Зухра Дузбаевна, академияның белгілі мамандары: Кисебаев Жанибек Сагатович – PhD докторы, анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, Кефер Наталья Эгоновна – ҚазАСТ спорттық ойындар кафедрасының меңгерушісі.
Курстың мақсаты – саланың қазіргі талаптары мен даму міндеттеріне сәйкес бейімделген дене шынықтыру және спорт, инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға қажетті жаңа құзыреттерді жетілдіру және меңгеру.